Лопес рингте бапкермен төбелескені үшін жарты жылға шеттетілді
Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған пуэрторикалық Хуан Мануэль Лопес (35-5, 32 КО) қарсыласының бапкері Альберт Риверамен рингте төбелескені үшін жарты жылға дисквалификация алды, деп хабарлайды BoxingScene.com.<br /><br />Екеуара төбелес Лопес пен Вильфредо Васкестің жекпе-жегінен кейін болған. Пуэрторикалық қарсыласын нокаутқа түсіргеннен кейін, ринге Ривера шыққан. Боксшы мен бапкер келіспей қалып, бір-біріне жұдырық жұмсап, төбелеске дейін барған. Бірақ команда мүшелері дер кезінде екеуін тоқтатып, жағдайды ушықтырмады.
Осы үшін Лопес жарты жылға шеттетіліп, 1000 доллар айыппұлмен жазаланды. Ал, бапкер 500 доллар айыппұл төлеуі тиіс.<br /><br />«Мен ол кезде қызбалыққа салындым. Соның кесірінен өзімді ұстай алмай қалдым. Мен комиссиядан, жанкүйерлерден және БАҚ өклідерінен кешірім сұрадым. Қазір де кешірім сұраймын. Себебі, бұндай жағдай болмауы керек еді. Мен өзімді дұрыс ұстамадым», - деді Лопес.