Лараның менеджері: «Головкинмен кездесу ұйымдастырғымыз келеді»

Лараның менеджері: «Головкинмен кездесу ұйымдастырғымыз келеді»

Кубалық боксшы Эрисланди Лараның (23-2-2, 13 КО) менеджері кіші Луис де Кубас өзінің клиентінің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) кездесуін ұйымдастыруға қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

«Эрисланди ең үздік боксшылармен кездескен және бірінші жеңіл салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап тұр. Ол осы уақытта өзінің дивизионындағы үздіктердің бірі. Біз қазір Юрий Форманмен кездесуге дайындық үстіндеміз. Одан кейін жағдай қалай боларын көрерміз. Біз ешқашан жеңіліп көрмеген Деметриус Андрадемен кездесу ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз. Болмаса Геннадий Головкинмен күш сынасамыз. Елдер бәрі Головкиннен қашады, онымен ешкім кездескісі келмейді деген әңгіме өрбітіп жүр. Біз болсақ, егер қаржы мәселесін реттей алсақ, сол кездесуді ұйымдастыруды жөн көреміз. Лара әлемдегі үздік P4P боксшыларының бірі. Оның Головкинді соққының астына алатын мықты стилі бар», - деді кіші Де Кубас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или