Де Кубас: «Головкиннен бәрі қашса да біз қашпаймыз»

Де Кубас: «Головкиннен бәрі қашса да біз қашпаймыз»

MAWarriors.com сайтының хабарлауынша, кубалық боксшы Лараның менеджері Головкинмен кездесу ұйымдастырғысы келеді.<br />Кубалық боксшы Эрисланди Лараның (23-2-2, 13 КО) менеджері кіші Луис де Кубас ол жайлы өз пікірімен бөлісті.

Де Кубас: «Эрисланди ең үздік боксшылармен кездескен және бірінші жеңіл салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап тұр. Ол осы уақытта өзінің дивизионындағы үздіктердің бірі. Біз қазір Юрий Форманмен кездесуге дайындық үстіндеміз. Одан кейін жағдай қалай боларын көрерміз. Біз ешқашан жеңіліп көрмеген Деметриус Андрадемен кездесу ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз. Болмаса Геннадий Головкинмен күш сынасамыз. Елдер Головкиннен бәрі қашады, онымен ешкім кездескісі келмейді деген әңгіме өрбітіп жүр. Біз болсақ, егер қаржы мәселесін реттей алсақ, сол кездесуді ұйымдастыруды жөн көреміз. Лара әлемдегі үздік P4P боксшыларының бірі. Оның Головкинді соққының астына алатын кіршіксіз стилі бар».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или