Куман «Барселонаны» баптауы мүмкін
«Эвертонның» бас бапкері Рональд Куман «Барселонаның» тізгінін ұстауы мүмкін.
Sportitalia берген ақпарат бойынша, каталониялық клуб 53 жастағы голландиялық маманмен алдын-ала келіссөз жүргізген. «Барселона» басшылығы Луис Энрике клубтан кеткен жағдайда Куманды командаға алуды көздеп отыр. Айта кетейін, Энрикенің келісім шарт мерзімі жазда аяқталады. Ал, маман осы күнге дейін келісім шарт мерзімін ұзартпаған.
«Барселонада» ойнаған Куман болашақта каталониялық клубқа бапкер ретінде келуді жоспарлайтынын жасырмаған. Осыған дейін Энрикенің орнына «Атлетиктің» бапкері Эрнесто Вальверде келуі мүмкін деген сыбыс болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или