Боб Шеридан: «Головкин 2016 жылдың үздік боксшысы»

Боб Шеридан:  «Головкин 2016 жылдың үздік боксшысы»

Аты аңызға айналған америкалық комментатор және Даңқ залының мүшесі, HBO, ESPN, FOX және SHOWTIME арналарына жұмыс істейтін Боб Шеридан қазақстандық Геннадий Головкинды 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады.  

<br />«Мен Головкинды таңдаймын. Дегенмен, Андре Уорд пен Теренс Кроуфордты үздік деуге болатын дәлелдер де бар. Сонымен қатар, 46 жекпе-жекте ұтылмаған Роман Гонсалесті де бұл тізімге қосуға болады. Ол мықты боксшы және жылдың үздік боксшысы жайлы айтқан кезімізде ол туралы айтпай кетпеуге болмайды», - деді ол Ontheropesboxing.com сайтына берген сұхбатында. 

Естеріңізге сала кетейін, бокс жайлы ең көне журнал Boxing News Головкинды ең үздік шетелдік боксшы деп таныған болатын. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или