Флойд Мейвезер: «Бруктың орнында мен болсам, Головкинмен не болатынын елестете алмаймын»
Атақты кіші Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) Boxingnewsonline.net сайтына берген сұхбатында, мексикалық Сауль Канело Альварес (48-1-1, 34 КО) қазахстандық Геннади Головкинді (36-0, 33 КО) жеңіл ұтатынын айтты.<br /><br />«Сауль GGG-ді көп уақытқа созбай сұлатып түсіреді. Головкиннің соққылары жойқын, алайда ол Бруктан соққылар жеді. Егер Бруктың орнында мен болсам не болатынын елестете алмаймын. Канелоның промоутері болсам, шәкіртіме дәл қазір Головкинмен жұдықтастыруға жол бермес едім. Мен промоутермын, сондықтан кездесуді аяғына дейін ойластыруым қажет», - деді Мейвезер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или