Мирзаев Макгрегордың досына жақтасқаны үшін таяқ жеді
L!FE сайтының хабарлауынша, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері ресейлік Расул Мирзаев Мәскеудің түнгі клубында орын алған төбелесте Макгрегордың спаринг серіктесі Артем Лобовқа жақтасқаны үшін шабуыл құрбаны болды.

Мирзаевтың досы: «Түнгі клубта Расул мен Артемға бір топ дағыстандық жігіттер келіп, Конордың Хабибтен қашып отырғаны жайлы дау-дамайды бастады. Артем оларға қарсы пікірін білдірді. Қызу қанды тау жігіттеріне әңгіме ұнамай, олар қарсылық білдірген. Ал Расул сол сәтте Артем үшін жақтасқан. Менің ойымша, сол жерлестеріміз Мирзаевты үйіне дейін аңдып оны таяқпен ұрып-соқты».

Артем Лобов Мирзаевпен түнгі клубта болған мәліметті жасырмады:
«Ол түні барлығы тыныш аяқталды. Расул нағыз еркек. Мен толығымен оны жақтаймын және әрдайым қолдауға дайынмын».

Айта Кетейік, ММА-ден көптеген турнирде топ жарған файтерге белгісіз біреулер пневмат тапаншасынан оқ атып, таяқпен ұрып-соққан. Қазір спортшы ауруханада жатыр.