Карл Фроч: «Головкин мықты болса, неге Уордпен жұдырықтаспайды?»
Белгілі британиялық боксшы Карл Фроч қазақстандық Геннадий Головкинге ең лайықты қарсылас америкалық Андре Уорд екенін айтты.
«Бірден айтайын, менің Головкинге қарсы жекпе-жегім мүмкін емес. Өзбасым оның Уордқа қарсы кездесуін көргім келеді. Қазақстандық боксшының командасы өздеріне тым сенімді, мықты болса - Уордпен неге кездеспейді? Андре бұл кездесу үшін супер орта салмақ дәрежесіне қайта түсуі мүмкін. Тіпті болмаса «Трипл Джи» жартылай ауыр салмаққа көтеріле алады. Келл Брук қазақстандық боксшымен кездесу үшін екі салмақ дәрежесіне жоғары көтерілді емес пе? Орта салмақтың ең үздік боксшылары үнемі салмақ қосып, жоғары көтерілетін. Головкин кімді күтіп жүр? Менің ойымша, Геннадий Андре Уордты жеңе алады», - деді британиялық боксшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или