Роузи жанкүйерлеріне жолдау жасады

Роузи жанкүйерлеріне  жолдау жасады

UFC-дің экс-чемпионы  америкалық Ронда Роузи  Аманда Нуньестен жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне жолдау жасады.

«Мен барлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Сіздердің махабаттарыңыз бен қолдауларыңыз маған қаншалықты маңызды екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жеңістер үшін оралу менің бір жыл бойы қойған мақсатым еді. Кейде еңбек пен тегеурінді дайындықтың өзі күткен нәтижені бермейді. UFC-дің әйелдер дивизионы дамып жатқаны қуантады. Маған уақыт керек. Болашағым жайлы ойлану керекпін. Маған сеніп, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысым шексіз», - деп Ронданың сөзін espn.com жеткізді. <br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или