Дэниэл Джейкобс: «Головкиннен қорқады дейтіндерге ашуым келеді»
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) Boxingscene.com порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті.
— Адамдар қатал, олар кез келген нәрсені айтуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең қатты ашуыма тиетіні, мені GGG-ден қорқады деп айтқаны. Не болмаса, өз бағамды көтеріп, көп ақша қалайтынымды айтқаны. Бұлар шындыққа жанаспайды. Олар келіссөз туралы ештеңе білмейді. Адамдардың енді не айтатыны қызық, - деді Джейкобс.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или