Қуат Хамитов: «Ронда енді жекпе-жекке оралмайды»

Қуат Хамитов: «Ронда енді жекпе-жекке оралмайды»

Қуат «Найман» Хамитов prosports.kz тілшісіне Ронда Роузидың жеңілісі жайлы пікір білдірді. 

«Мен Ронданың жеңілетінін алдын-ала білгенмін. Ондай нокауттан кейін, бір жыл жекпе-жекке шықпағаннан кейін қайта қалпына келу қиынға соғады. Менің ойымша, ол өз мансабын «жерледі». Роузи асықпай бастауы тиіс болған.  Оған жеңіл жекпе-жек керек еді. Бұл оның соңы. Ол енді жекпе-жекке орала алмайды деп есептеймін. Неге десеңіз, жеңілген спортшы бірден қарымта жекпе-жек сұрайды. Жеңілген спортшы бір жылға жоғалып кетпейді. Ол бірінші жеңілісінен кейін бірден «сынып» қалды. Егер спортта ұзақ уақыт қалғың келсе, қиын жағайда орныңнан тұра алуың тиіс»,  - деді Қуат Хамитов. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или