Головкиннің жаттығуы Сондерстің жекпе-жегінен көп адам жинағаны мазақ болды

Головкиннің жаттығуы Сондерстің жекпе-жегінен көп адам жинағаны мазақ болды

Бокс туралы жаңалықтар мен мемдер жариялайтын The Haymonites белгілі твиттер-акаунты ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерсті мазақ етті. Бұл туралы Тengrinews.kz порталы хабарлады. 

«GGG еліңе келіп, оның жаттығуына жиналғандардың саны сенің жекпе-жегіңе келетіндерден асып түскен сәттегі ыңғайсыздық», - деп мазақ етті Сондерсті. 

Еске салайық, желтоқсан айының басында Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы айтқан. Бірақ, кейін WBO оны  Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуге міндеттеді. 

Головкин өзінің басты мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру екенін бірнеше рет айтқан. Ол үшін Головкинге осы Сондерстегі WBO белбеуі ғана жетпей тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или