Француздар жыл боксшысы рейтингісінде GGG-ді үшінші орынға қойды

Француздар жыл боксшысы рейтингісінде GGG-ді үшінші орынға қойды

Францияның NetBoxe.com сайты 2016 жылдың үздік боксшылар тізімін жасады.

Басылым журналистері жасаған рейтингіде украиналық Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) көш бастады. Екінші орынды америкалық Теренс Кроуфорд (30-0, 21 КО) алды. Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) үздік үштікті түйіндеді. 

Сондай-ақ, үздік ондыққа америкалықтар Джермелл Чарло (28-0, 13 КО), Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) мен Андре Уорд (31-0, 15 КО), британиялықтар Карл Фрэмптон (23-0, 14 КО) мен Энтони Джошуа (18-0, 18 КО), никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) және украиналық Александр Усик (11-0, 10 КО) кірді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин биыл екі жекпе-жек қана өткізді - сәуірде GGG америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО), қыркүйекте британиялық Келл Брукты (36-1, 25 КО) нокаутқа түсірді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или