Қытайда тұңғыш қазақ күрес қауымдастығы ашылды
Қытайдың Шіңгіл ауданы Аралтөбе кентінде Қазақша күрес қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытайлық Жэньминь жибао басылымының хабарлауынша, бұл - қазақ халқының күрес өнерінің өркендеуі ұшін құрылған Қытайдағы алғашқы Қазақ күресі қауымдастығы. Қауымдастықтың Аралтөбе кенті мектеп интернатындағы жаттығу базасында 20-дан астам мектеп оқушысы дәстүрлі күрес өнерінің қыр-сырын меңгеруде. Бас бапкер Жандаулеттің айтуынша, жаттығу базасы қажетті жабдықтармен жабдықталған, екі бапкер жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырады. Айта кетейік, болашақта Қытайдағы Қазақ күресінен халқаралық спорт шебері Жайдарды бапкерлікке ұсыну көзделіп отырғаны белгілі болды. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или