Надаль Бердыхты ұтты
Жаңа жылдан кейін басталатын үлкен дулығалы жарыстың бірі Аустралиан оупен алдында теннисшілер дайындықты бір тексеріп алды. Олар осы күндері Әбу-Дабидің корттарының шаңын шығаруда. Ширек финалда Жо Вильфред Цонганы жеңген Давид Гоффин жарытай финалға жолдама алды. Енді оны атақты ағылшын Энди Маррей күтіп тұр. Жарақатынан айығып, қайта бабынап келген Рафаэль Надаль чех теннисшісі Томаш Бердыхты 2 сетте жеңіп тастады. Тіпті, алғашқы кезеңде қарсылас Бердых бірде бір гейм жеңе алмады. Есеп 6-0, 6-4. Енді жартылай финалда испан теннисшісі канадалық Милош Раоничпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или