Арландар ақпанда жорыққа шығады

Арландар ақпанда жорыққа шығады

Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті 7-ші маусымы 2017 жылдың ақпан айында басталады. Биыл командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып - 3 топқа бөлінді. Екі дүркін чемпион атанған «Астана арландары» келесі жаңа маусымда жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай), Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) командаларымен бір топта өнер көрсетеді. Команданың негізгі құрамына 10 салмақ дәрежесі бойынша 20 боксшы енеді және 17 боксшы қосалқы құрамды толықтырады. Айта кетейік жаңа маусымның барлық кездесуін сіздер "Хабар" арнасынан тікелей эфирде таламашалай аласыздар. Арландардың алғашқы кездесуі сыртта, Ресейде ақпан айының басында өтеді деп жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или