Джейкобс: «Головкинмен болатын жекпе-жекте мені жоғары деңгейлі боксшы ретінде көресіздер»
Орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуінің иесі Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жек жайлы өз пікірімен бөлісті.
«Сіздер менің жүзімнен күлкі көресіздер. Себебі, мен шын бейнемді көрсеткім келеді. Мен әуесқой бокста қабілетімді шыңдаумен ғана айналыстым. Бүкіл әлем мені тек екінші нөмірлі боксшы немесе чемпиондық атаққа үміткер ретінде қарағанын қаламаймын. Мен әлем чемпионы атағына лайықпын және сол атақты алуға шамам жетеді», — деп Джейкобстың сөзін Boxingscene.com жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или