Данияр Елеусінов Азияның үздік боксшысы атанды
Азия бокс Конфедерациясы (ASBC) жылдың қорытындысын шығарып, үздіктерді анықтады, деп жазады «Қазақпарат».
Номинация бойынша жеңімпаздар:
Азияның үздік боксшысы — Данияр Елеусінов (Қазақстан);
Азияның үздік әйел боксшы — Инь Жунхуа (Қытай);
Азияның үздік боксшысы (жастар) — Хаято Цуцуми (Жапония);
Азияның үздік әйел боксшы (жастар) — Пан Сумей (Қытай);
Азияның үздік боксшысы (жасөспірімдер) — Кристиан Питт Лорент (Филиппин);
Азияның үздік әйел боксшысы (жаспөспірімдер) — Ю Лисай (Қытай);
Азияның үздік APB боксшысы — Жасурбек Латипов (Өзбекстан);
Азияның үздік WSB боксшысы — Асланбек Шымбергенов (Қазақстан);
Жыл жаңалығы — Шахрам Гиясов (Өзбекстан);
Азияның үздік бапкері — Патрицио Гаспи (Филиппин);
Азияның үздік супервайзері — Карина Пиксон (Филиппин);
Азияның үздік техникалық делегаты — Билли Вонг (Макао);
Азияның үздік төрешісі — Джинжинг Жанг (Қытай);
Азияның үздік ұлттық Федерациясы — Қазақстан бокс Федерациясы.
— Дауыс беру әлеуметтік желі арқылы өтті және біздің континенттегі ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен бокс жанкүйерлері дауыс беруге белсене қатысты. Айта кету керек, рейтингіде Қазақстан үш номинация бойынша үздік атанды. Естеріңізде болса Қазақстан бокс Федерациясы АИБА шешімі бойынша да үздік атанған болатын, — деді ASBC директоры қызметін орындаушы Бағдәулет Төреханов.