Головкин 2016 жылдың MVP-боксшылары рейтингісінде үшінші орын алды
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 2016 жылдың MVP-боксшылары арасында үшінші орын алды.

Forbes журналы жасаған рейтингіде қазақстандық үздік үштікке кірген.
«Головкин бокстың келесі супержұлдызы атануы мүмкін. Ол Альврестен де жоғары деңгейге жетеді. Бірақ, ол «Канеломен» жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Наурыз айында ол Дэниел Джейкобспен жұдырықтаспақ. Содан кейін қыркүйекте Альвареспен рингке шығады», - деп жазады аталмыш басылым.

Естеріңізге сала кетейін, осы жылы Головкин екі жекпе-жек өткізді. Сәуір айында АҚШ-та америкалық Доминик Уэйдті жеңсе, Лондонда Келл Брукты қапы қалдырған болатын. Екі жекпе-жекте де билет толығымен сатылып кеткен.
Головкин Уэйдпен болған жекпе-жекте 2 миллион доллар табыс көрсе, Брукпен болған бокс кешінде 4 миллион доллар сыйақы алды. Бұл - қазақстандықтың мансабындағы ең көп сыйақы.

Сонымен қатар, Головкин осы жылы WBC белбеуінің иегері атанды және Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақтағы үздік нокаутшы ретінде енген болатын.

Forbes рейтингісінің бірінші сатысына ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уордтың жекпе-жегі орналасты. PPV-сатылымның (160 мың) төмендігіне қарамастан, Уорд бұл кездесуде 5 миллион доллар, ал Ковалев 2 миллион доллар табыс көрді.

2016 жылдың MVP-боксшылары рейтингісі:
1. Сергей Ковалев - Андре Уорд;
2. Сауль "Канело" Альварес;
3. Геннадий Головкин;
4. Мэнни Пакьяо;
5. Роман Гонсалес;
6. Кит Турман;
7. Энтони Джошуа;
8. Василий Ломаченко;
9. Джо Смит;
10. Теренс Кроуфорд.