Ломаченко Салидомен жұдырықтасады

Ломаченко Салидомен жұдырықтасады

Украиналық боксшы Василий Ломаченко келесі кездесуін мексикалық Орландо Салидоға қарсы өткізеді.

Қос боксшы арасындағы қарымта жекпе-жек келер жылдың көктеміне жоспарланған.

BoxingScene сайтының мәліметтеріне сүйенсек, екі жақ келісімге келіп, жақын күндері жекпе-жек туралы ресми түрде жариялайды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі жыл бұрын Салидо Ломаченконы ұпай шешімімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или