Британиялық БАҚ Головкинге 2017 жылы жаңа қарсыластар ұсынды
Жақында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келер жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Осыған орай, британиялық БАҚ өкілдері оған қарсыластар іздеп көрді.
«GGG-ге келесі жылы белсенді болу керек – Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО), Хассан Н’Дам Н’ Жикам (35-2, 21 КО), кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) және Матвей Коробовпен (27-1, 14 КО) жұдырықтасқаны жөн». – деп жазды журналист Асиф Махмуд.
Естеріңізге сала кетсек, Головкиннің келесі қарсыласы америкалық Джейкобс болмақ. Жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или