Головкин «Жылдың үздік боксшысы» атанбайды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WPN нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлер тізіміне енген жоқ.
Worldboxingnews.net ақпаратына сүйенсек, үміткер ретінде Мэнни Пакьяо, Андре Уорд, Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд, Роман Гонзалес және Карл Фрэмптон жыл үздігі атануы мүмкін.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы төрт жылда бірінші рет номинацияны жеңіп ала алмайын деп тұр – 2013, 2014 және 2015 жылдары Головкин «Үздік боксшы» атағын алған болатын.
34 жастағы спортшы биыл екі жекпе-жек қана өткізген еді, үміткерлер қатарына ене алмау себебі осыда болуы ықтимал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или