Жозе Алдо: «Конордың кететінін білгенмін. Бұны бәрі білді»

Жозе Алдо: «Конордың кететінін білгенмін. Бұны бәрі білді»

UFC чемпионы  Жозе Алдо  Ариэл Хелванимен сұхбатында жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өзін чемпион санайтыны жайлы айтты.

«Иә, мен өзімді чемпион санаймын.  Белбеуді қандай тәсілмен алғаным менің ойыма әсер етпейді. Чемпион  — өз атағын қорғайтын адам. Белбеуді алып, дивизионнан қашқан адам чемпион емес. Мен міндетті түрде қарымта жекпе-жек өткізуім тиіс. Маған бұл уәде етілген болатын. Мен Конордың кететінін білгенмін. Бұны бәрі білді. Мен өзімнің белбеуімді қорғадым. Ұзақ уақыт бойы жартылай жеңіл салмақтың чемпионы болдым. Жекпе-жекте жеңілгенімді мойындаймын», - деді Жозе. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или