Головкин - Чавес жекпе-жегі қашан және қай салмақта өтуі мүмкін?

Головкин - Чавес жекпе-жегі қашан және қай салмақта өтуі мүмкін?

Том Леффлер қазақстандық боксшының 168 фунт салмақ дәрежесіне көтеріліп, кіші  Хулио Чезар Чавеспен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

Леффлердің айтуы бойынша, бұл кездесу 2017 жылдың желтоқсан айында өтуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл уақытқа Головкинның командасы тағы бір мексикалық Хильберто Рамиресті  қарастыруда.

«Біз Чавеспен екі жыл бұрын келіссөз жүргізгенбіз. Бірақ, ол сәтті аяқталмады.  Енді қазір Чавес Головкиннан басқа үлкен жекпе-жек жасайтын ешкім жоқ екенін түсінген сияқты.  Головкин Чавес немесе Рамиреспен жұдырықтасу үшін 168 фунтқа көтерілгенімен, өз атақтарын қорғап қалу үшін орта салмаққа қайта оралады. Ол орта салмақты ұстай алмағаннан емес, үлкен салмақта жекпе-жек өткізе алатынынан соң да 168 фунтқа көтеріледі», - деп  Леффлердің сөзің USA Today жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или