Альварестің келер жылға жоспары: Чавес пен Головкин

Альварестің келер жылға жоспары: Чавес пен Головкин

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 2017-ші жылы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.  

Алдымен, 26 жастағы былғары қолғап шебері отандасы Хулио Сезар Чавеспен 168 фунтта (76 келі) жұдырықтаспақшы. Бұл кездесу шамамен мамыр айында ұйымдастырылады деп күтілуде. Егерде екі жақ келісімге келе алмаса, Саульдың командасы орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен күш айтыспақ. Бұл жекпе-жектің өтуіне WBO тұжырымы ықпал етуі мүмкін. 

Артынша, «Канелоның» командасы қазақстандық Геннадий Головкинмен үлкен «мегафайт» жасамақшы. Тіпті мексикалық боксшының промоутері Оскар де ла Хойя бұл кездесу қыркүйек айында өтеді деп уәде берген болатын. Қос кездесу де Альварес үшін табысты болмақ. Аталмыш айқастар НВО арнасында pay per view (ақылы көрсетілім) арқылы көрсетілетіні анық. 

Яғни, бокс жанкүйерлері келер жылы кем дегенде екі үлкен айқастың куәгері болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или