Чавес: «Альварес кездесуден бас тартса, Головкинмен жұдырықтасқым келеді»

Чавес: «Альварес кездесуден бас тартса, Головкинмен жұдырықтасқым келеді»

Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Альвареспен келісімге келе алмаса, қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтты.

- Головкинмен жекпе-жек өткізетін жақсы мүмкіндік бар, бірақ ол 168 фунтқа көтерілгісі келмейді. Геннадий «Канелоға» 160 фунтқа ауысуды сұрады, бірақ өзі менімен кездесу үшін салмақ қосуға дайын емес. Альварес менімен кездесуден бас тартса, Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Бұл жекпе-жекті бұрыннан бері армандап жүрмін. 168 фунтта төбелессек, керемет болар еді, - деді мексикалық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Чавес пен Альварестің командалары жекпе-жек жайында келіссөздер жүргізуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или