Джеймс ДиГейл: «Головкинмен кездесу үшін салмақ тастауға дайынмын»
Белгілі британиялық боксшы Джеймс ДиГейл қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.
- Маған үлкен жекпе-жектер керек. Мен «аутсайдер» болатын кездесулер мені қатты қызықтырады. Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Біз бұл кездесуді оңай ұйымдастыра аламыз. Мен бұл жекпе-жек үшін салмақ тастауға дайынмын, - деді ДиГейл BoxingScene сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, супер орта салмақ дәрежесінде IBF чемпионы Джеймс ДиГейл 12-ші қаңтар күні WBC чемпионы швециялық Баду Джекпен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или