Кіші Юбенк: «2017 жылы Головкинмен жұдырықтасамын деп үміттенемін»
Британиялық кіші Крис Юбенктің айтуынша, ол 2017 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді.
«Головкинмен жекпе-жек әлі де күн тәртібінде тұр. Бұл кездесу өтеді. 2017 жылы болады деп үміттенемін. Хирн оңай жолмен кетіп, менің жекпе-жегімді Брукқа бере салды. Біз келіссөз жүргізіп, бір келісімге келуге жақын болдық, бірақ біз ұсынылған нәрсенің бәріне келісе бермейміз ғой. Бәрінің өз орнымен болғанын қалаймыз, ал Келл Хирннің барлық талаптарына келісе салды», — деді Юбенк.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или