WBA Шүменовтың өтінішін қарастыруға уәде берді
WBA (regular) белбеуінің иесі Бейбіт Шүменов аталмыш ұйымға ресейлік Денис Лебедевтің WBA (Super) титулынан айыруды сұрап, өтініш жасады, деп хабарлайды Fightnews.com.
Дәл осындай өтініш кубалық Юниер Дортикостан да түскен. WBA президенті Жилберто Мендоcа осы сұрақтарды міндетті түрде қарастыратынын айтқан болатын.
Дортикос пен Шүменов тарапынан бұл өтініш Лебедевтің ресейлік Мурат Гассиевтен жеңілуінен кейін түскен болатын. Басында бұл жекпе-жекте IBF және WBA белбеулері бәске тігілуі тиіс еді. Соңғы уақытта Лебедев WBA ұйымынан белбеуін қоймауға рұқсат алған. Себебі, Гассиев ұйымның рейтингісінде жоқ болған. Қазақстандық боксшы осыған дейін де Лебедевке шағым түсірген болатын. Шүменов ресейлік боксшыны жұдырықтасқысы келмейді деп айыптауда. Айта кетейік, Бейбіт WBA (super) белбеуіне басты үміткерлердің бірі ретінде тіркелген болатын. Сол уақыттан бастап қазақстандық чемпиондық атақ сарапқа салынатын жекпе-жекті өткізе алмай жүр.