2017 жылдың аяғында GGG кіммен жұдырықтасуы мүмкін?
USA Today Sports журналисі Боб Велин Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) 2017 жылдың желтоқсанында кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты.
«Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің 168 фунтта бүгінгіден де мықты болатынын айтқан еді. Наурызда Головкин Джейкобспен кездеседі, артынша оның промоутері Том Леффлер қыркүйекте Канеломен кездесу өтеді деп жоспарлап отыр. Ал желтоқсанда Головкин 168 фунтта жұдырықтасуы мүмкін - қарсыласы кіші Хулио Сезар Чавес немесе Хильберто Рамирес болып қалуы ықтимал», — дейді Велин.
Головкин бұған дейін 2017 жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты - наурызда, маусымда, қыркүйекте және желтоқсанда. 18 наурызда Геннадий Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или