Поветкин «Б» сынамасын ашуға өтініш жіберді
«Мир бокса» компаниясының басшысы Андрей Рябинский ресейлік боксшы Александр Поветкинның «Б» допинг-сынамасын ашуға өтініш жібергені жайлы айтты.
Поветкин мен канадалық Бермейн Стиверн арасындағы жекпе-жек 17-ші желтоқсан күні Екатеринбургте өтуі тиіс еді. Бұл кездесуде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынуы тиіс еді. Бірақ Поветкиннің ағзасынан допинг табылып, WBC бұл жекпе-жекті ұйымның аясында өткізуден бас тартқан.
- Біз «Б» сынамасын ашуға өтініш жібердік, – деді Рябинскийдің сөзін ТАСС жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или