Рой Джонс: «Қазақ елі талантты боксшыларға бай»

Рой Джонс: «Қазақ елі талантты боксшыларға бай»

Бүгін Алматының «Достық» спорт кешенінде танымал америкалық боксшы Рой Джонстың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

47 жастағы боксшы Қазақстанның қонақжайлылығына және еліміздің таланты боксшыларына тәнтті екенін айтты.

- Қазақ елі таланты боксшыларға бай, - деп бастады Рой Джонс, - Бұған дәлел - Олимпиададағы нәтижелер. 25 жыл ішінде Қазақстан талай мықты боксшыларды тәрбиеледі. Ең атақтысы - Геннадий Головкин. «Трипл Джи» - суперчемпион, әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі. Қазақстанда бірінші рет емеспін, бұл мемлекет маған қатты ұнайды. Әр келген сайын мені өте жылы қарсы алады. Жан-жақтан қонаққа шақырып, тамақтандырады. Қазақстан - өте әдемі мемлекет. Қазақ халқының қонақжайлылығына тәнтімін.

- Рой Джонс, кезінде орта салмақтың патшасы едіңіз. Сол кездегі Рой мен Головкин жұдырықтасса, кім жеңер еді?

- Бұл өте ауыр сұрақ (күлді). Иә, мен де кезінде орта салмақта көш бастағанмын. Кім жеңетінін білмеймін, бірақ бұл өте тартысты әрі қызық жекпе-жек болар еді.

- Жалпы, қазіргі таңда Головкинді ұта алатын боксшы бар ма?

- Өзбасым, Геннадийді ұта алатын боксшы жоқ деп ойлаймын. Головкин өзінің қарсыластарынан әлдеқайда мықты.

- Оның келесі қарсыласы Джейкобс жайлы не ойлайсыз?

- Джейкобс - жақсы боксшы. Техникасы да жоғары. Бірақ, Головкинді жеңе алмайды.

62f2bba797538bf69db5b20be67e898b.jpg

- Ал Сауль Альварес ше?

- Мексикалық жайлы не айтуға болады? Жекпе-жектен қашып жүргенін бәрі біледі. Бәлкім, Альварестің өзі жұдырықтасқысы келетін шығар. Бірақ оның командасы Саульдің жеңілетінін сезіп, Головкиннен қашып жүр.

- Өзіңіз бокспен қашан қош айтысасыз? Жасыңыз да келді...

- Әрине, бұрынғыдай күшім жоқ. Келесі жылы бокспен қош айтысатын шығармын. Не болса да, әлі де шапшаңмын (күлді).

- Хопкинс те сіз сияқты бокстан кетуге асықпайды. Бернард жайлы пікіріңіз қандай?

- Ол 51. Яғни, менен үлкен. Бірақ түріне қарасаңыздар 69-дағы шалға ұқсайды. Мен болсам оның қасында жас көрінемін (күлді).

- Қазақстанда бокс мектебін ашу жоспарыңыз жоқ па?

- Мен Қазақстанға ақша үшін келген жоқпын. Менің мақсатым - жергілікті боксшылармен тәжірибе алмасу. Оларды үйрету. Қазақстанда әуесқой бокс мықты, оны бәріміз білеміз. Бірақ кәсіпқой бокста қазақстандық боксшылар аз. Мен сол кемшілікті толтырғым келеді. Қазақстандық боксшыларға көмектесу үшін келдім.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или