Алматылық балуандар Тараз төрінде жеңімпаз атанды

Алматылық балуандар Тараз төрінде жеңімпаз атанды

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогына арналған турнир өз мәресіне жетті. 

Жарыс ұйымдастырушылары  Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Жамбыл облысы әкімдігі. Айта кетейік, 2015 жылдың Кубок жеңімпазы Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. Сол Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тағы финалға жолдама алып, Алматының "Qazaq kuresi"  клубымен кездесті. Жалпы есеп 4:4 болып аяқталып, белдесулердегі артық басымдықтар арқасында алматылықтар жеңіске жетті. 
Жарысты қортындыланай келе "Qazaq kuresi" клубы 2016 жылғы қазақ күресі Федерациясы Кубогының және 10 миллион теңгенің иегері атанды. Екінші орын және 6 миллион семейліктерге бұйырса, үшінші орын және 4 миллион теңге кілем қожайындары Жамбыл облысының қазақ күресі клубынының еншісінде. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или