Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері бапкерлерді марапаттады

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері бапкерлерді марапаттады

Нұрбақыт Теңізбаев prosports тілшісіне сұxбат беріп 2016 жылдағы қызмет нәтижесін қорытындылады. Айта кетейік, Теңізбаев Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде директор лауазымын атқарып жүр. 

- Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Талдықорған қаласында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі 2016 жылғы жұмысын қорытындылады. 
- Жалпы көрсеткіштер жаман емес. Бапкерлер мен мектебіміздің қызметкерлері әзірлеген есептерімен таныстық, сонымен қоса 2017 жылы алға қойған мақсат міндеттерді айқындадық. Отырыс қорытындысы бойынша 2016 жылы спортта жоғары нәтижелер көрсеткен бапкерлерге құрмет граммоталары мен сыйлықтар тапсырдық. 
- Жалпы облыстық спорт шеберлігі мектебінің спортшылары арасынан джиу-джитсудан 1 әлем чемипионы, 2 күміс медаль самбо және әйелдер күресінен, 1 қола армреслингтен ұтып алған. Самбодан өткен Әлем кубогында 2 күміс иеленген болатын. Азия чемпионаттарынан мектеп спортшылары 9 алтын, 3 күміс және 9 қола ұтып алды. <br /><br />
Нұрбақыт Теңізбаев: «Жеңіске жетіп жатса спортшыларды ғана танып жатады, алайда бапкердің орны бөлек. Ол кісілердің жұмысын бағалап көтермелеп отырса чемипиондарымыз шығатынына еш күман жоқ. Сондықтан біз бапкерлерді марапаттадық».

b696432c292ee6a76ab60fad269451e7.jpg9b3e359ad74b2381b85c70255f48999c.jpg74999b09dfe1d03a2ba4f13997e761b5.jpg32582feb61760e5d9cbf083a8dae74bc.jpg2d05f6f88e889c5d9126a96e86fda1bb.jpgebd938d40200c25676524732fbe70abb.jpg32bda9c4e65e41aff9c1372959d8e470.jpg30153e64e77174c497caf77dc6aced92.jpg

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или