WBO Альваресті Сондерстің белбеуіне міндетті үміткер ретінде тіркеді

WBO Альваресті Сондерстің белбеуіне міндетті үміткер ретінде тіркеді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы  Сауль Альваресті Билли Джо Сондерс иелік ететін белбеуге міндетті үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды  ESPN арнасы.

Сондерске қарсылас атану үшін Альварес пен грузиялық  Автандил Хурцидзе өтініш берген. Бірақ, WBO  бокс үшін Альварестің қарсылас болғаны тиімді екенін алға тартып, Автандилдың өтінішін кері қайтарған. 

Айта кетейік, Альварес рингке мамыр айында оралмақ. Сондерстен бөлек, ол Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қыркүйек айында Головкинге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін де мәлімдеген болатын. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или