Головкин - Уэйд 2016 жылдың рейтингі ең жоғары жекпе-жегі атанды
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның америкалық Доминик Уэйдпен өткізген жекпе-жегі 2016 жылдағы өткен кездесулер ішіндегі ең көп көрермен жинаған жекпе-жек ретінде танылды.

Бұған ESPN арнасының мағұлматы дәлел болып отыр. Головкин - Уэйд жекпе-жегі 23-ші сәуір күні өткен болатын. Аталмыш кездесуде Головкин қарсыласын екінші раундта сұлатып салған. НВО арнасынан бокс кешін 1,325 миллион көрермен тамашалаған.
Сонымен қатар, 2016 жылдың ТОП-30 рейтингі жоғары жекпе-жектер қатарына қазақстандықтың тағы бір кездесуі еніп отыр. Сегізінші сатыға Головкинның британиялық Келл Брукқа қарсы өткізген кездесуі тұрақтады. Оның тікелей эфирдегі аудиториясы 843 мың көрерменді құраған.