Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшылардың рейтингісінде екінші орында тұр
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты.
Тengrinews.kz порталының хабарлауынша, ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.
«Геннадий Головкин - біздің заманымыздың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарының соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады», - деді Лэмпли өзінің The Fight Game with Jim Lampley бағдарламасында.
HBO арнасының жүргізушісі бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған. «Ол өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу - қиынға соғатынын дәлелдеді», - деді ол.
Сонымен қатар, үздік бестікке - никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев кірді.<span id="ctrlcopy"><br /></span>