HBO арнасы — Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі туралы
HBO Sports телеарнасы Геннадий Головкин — Дэниэл Джейкобс жекпе-жегі туралы жазды.
«Бокс меккесі» немесе әлемдегі ең атақты арена «Мэдисон Сквер Гарденде» 2017 жылдың 18 наурызында орта салмақ чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) күш сынасады. Бұл оқиғаның трансляциясын НВО Pay-per-view арқылы көруге болады және ол жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады (Астана уақытымен 19 наурыз 8:00-де).
Көптен күткен бұл жекпе-жектің алдында қос боксшының сериялық нокауттары 35-ке жетті (Головкинде - 23, Джейкобсте - 12).
Бұл шоудың билеттері $1000, $600, $400, $300, $200 және $100 болады. Билеттер 24 желтоқсанда сатылымға шығады», — делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или