Қанат Ислам танымалдылық жағынан Головкинді шаң қаптыруы мүмкін
Бірінші орташа салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері әлемдік аренада үлкен танымалдыққа ие болып келеді.
Жақын арада Алматы қаласында өткен жекпе-жегінде Ислам Ганадан келген қарсыласы Патрик Аллотейді жеңген болатын.
Көптеген мамандар 32 жастағы боксшының шеберлігін жоғары деп бағалайды. Кейбіреуі, тіпті, оны болашақта Геннадий Головкиннен де атақты болады деп есептейді. Қанат Ислам осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізіп, оның ешқайсында жеңілмеген.
WBO әлемдік рейтингісінде Қанат бесінші орынды місе тұтқан. Ең үздік боксшылардың көшін мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастап тұр. Жерлесіміздің кезекті жекпе-жегі 2017 жылдың басында болады деп күтілуде. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или