Квитоваға қарақшылар шабуыл жасады
Чехиялық теннисші Петра Квитова қанды қол қарақшыдан зардап шекті. Престойве қаласындағы пәтерде демалып жатқан әлемнің 11-тенисшісінің үйіне электр желілерін жөдеймін деп кірген адам қарақшы болып шықты. Ол бірден Петраға пышағын жалаңдатады. Алайда, тенисші сол қолын тосып, соққыға төтеп береді. Нәтижесінде ұры оқиға орнынан табан жалтыратады. Ал чех қызы сол қолын ауыр жарақаттайды. Тенисшілерге жасалынған шабуыл спорт жылнамасында бұрын да болған. Атақты Штефи Графты жеңгені үшін югославиялық Моника Селеш неміс фанаттарынан зорлық көрді. 1993 жылы Гамбургте өтіп жатқан турнир кезінде жанкүйердің бірі Мониканың арқасына пышақ сұғып алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или