Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі

Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақтандық Геннадий Головкин мен осы салмақтағы WBA «тұрақты» чемпионы, американдық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке билет сатыла бастайтын күн белгілі болды.

BNews.kz порталының хабарлауынша, жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Оған билеттер осы сенбі күні – 24 желтоқсанда сатылымға шығады. Бір орын 100 доллар тұрады. Ең қымбат билет – 1000 доллар болмақ.

Билеттер Мadison Square Garden кассаларында, сондай-ақ,Ticketmaster.com сайты арқылы онлайн сатылады. <br />Шаршы алаңдағы жұдырық түйісуді HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жасайды. Әрбір көрерменге қарағаны үшін 54,95 доллар шығындауға тура келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или