Қытайлықтар Головкин атап кеткен қазақ баласы 12-ші жеңісіне қол жеткізді

Қытайлықтар Головкин атап кеткен қазақ баласы 12-ші жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың қазақтар шоғырланған өңірі Алтай аймағында тұратын қандасымыз, 22 жастағы кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (10-0-1, 5КО) 12 кездесуінде қарсыласынан басым түсіп, супер жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (WBA) Қытай чемпионы белбеуін қорғап қалды.

Бұл туралы dodasport.kz сайты хабарлайды.

 

Қытайдың Ханчжоу қаласында болған кездесуде Бейсенбі жаңазеландиялық Лэки Маканы (9-0-0, 3КО) 10 раундқа созылған айқаста айқын басымдылықпен (99:92,98:92,98:92) тізе бүктірді.

Қытайлық жанкүйерлері Головкиннің ізбасары санап, «OneG» атап кеткен Бейсенбі кәсіби рингте жалпы 12 кездесу өткізіп, 11 айқаста жеңіске жеткен (5 нокаут) және біреуінде тең түскен.

Ал бұл Бейсенбінің 2016 жылы өткізіп отырған 5-ші кездесуі, сондай-ақ екінші рет Қытай чемпионы белбеуін қорғауы.

 

Еске сала кетейік, Бейсенбі бұған дейін WBC нұсқасы бойынша бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) және WBA бойынша Қытай чемпионы атанған болатын.

Бұған дейін Бейсенбінің Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның туған жері Алтайдың Қаба ауданында тағы бір қазақ боксшысының шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или