Джейкобстің командасы Головкинді жеңетіндеріне сенімді

Джейкобстің командасы Головкинді жеңетіндеріне сенімді

Дэниэл Джейкобс өкілдері американдықтың наурыз айында Геннадий Головкинды «бір жақты» ететініне сенімді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

«18 наурыз түні бокс әлемі үшін ерекше болмақ, - дейді Дэниэл Джейкобс командасынан Кит Конолли. - Әлемдегі орта салмақтағы ең үздік екі боксшы айқаспақ. Бұл жекпе-жекті бокс әуесқойлары көп күтті».

«Біз тоғыз жыл бойы  тынымсыз еңбек етіп,  Дэнниді осындай дәрежеге жеткізген Эл Хэймонға алғыс айтамыз. Ол әлемдегі үздік боксшылардың бірі Геннадий Головкинді жеңе алатындай мүмкіндік туғызды. 18 наурыз күні жекпе-жекті тамашалауға келіңіздер. Дэнни биіктен көрініп, Бруклинге барлық белбеулерін қайтарып алады. Оған күмәндарыңыз болмасын». 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или