Головкин Альвареспен 9 айдан кейін жұдырықтасады - Абель Санчес
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесу тоғыз айдан кейін ұйымдастырылады.
«Канело мен Головкинге бұл жекпе-жек керек. Себебі, бұл - бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу. Бокс жанкүйерлері бұл айқасты асыға күтіп жүр. Қазіргі таңда, Геннадий мен Саульдің промоутерлері келіссөздер жүргізуде. Бұл жекпе-жек тоғыз айдан кейін ұйымдастырылады деген ойдамын. Қазір біздің бар ойымыз наурыздағы кездесуде», - деді Санчес Boxing Scene сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или