Том Леффлер: «2017 жылы Джейкобс және Канеломен жекпе-жек өткізсек, жетіп жатыр»

Том Леффлер: «2017 жылы Джейкобс және Канеломен жекпе-жек өткізсек, жетіп жатыр»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG-дің екінші орта салмақ дәрежесіне көтерілу мүмкіндігі жайлы пікірімен бөлісті.

«Егер Геннадийге екінші орта салмақта үлкен рингке шығу мүмкіндігі берілсе, ол салмағын көтереді.  Бұрынырақ Карл Фрочпен немесе кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өтізуді ойлағанбыз. Жалпы алғанда, Головкин  2017 жылы Дэнни Джейкобс және Канеломен кездесу өткізсе де жетіп жатыр. Содан кейін ғана 168 фунттағы Хильберто Рамиреспке қарсы жекпе-жек жайлы ойланамыз», - деді Леффлер FOX Sports радиосының The 3 Knockdown Rule бағдарламасында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или