Головкин - Брук жекпе-жегінің Ұлыбританиядағы РРV-сатылымы белгілі

Головкин - Брук жекпе-жегінің Ұлыбританиядағы РРV-сатылымы белгілі

Қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Келл Брук арасында өткен жекпе-жектің  Ұлыбританиядағы ақылы  көрсетілім (PPV) саны жарияланды. 

Екі боксшы 10-шы қыркүйек күні Лондондағы О2 аренасында қолғап түйістірген. Ұлыбритания аумағында бұл жекпе-жекті PPV жүйесі бойынша Sky Box Office телеарнасы көрсеткен болатын. БАҚ берген ақпарат бойынша, жекпе-жек 500 мың PPV жинаған.  

Сонымен қатар, бұл бокс кеші НВО арнасында да көрсетілді. Бірақ, бұл арна трансляцияны РРV жүйесінсіз таратқан болатын. Тікелей эфирде осы арна арқылы жекпе-жекті 843 мың адам көрсе, қайталап көрсетумен бірге (593 мың көрермен) аудитория саны 1,436 миллионға жеткен. <br /><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или