Әлемді таңғалдыруға дайынмын - Джейкобс
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс кәсіпқой рингте жеңілістің ащы дәмін татпаған Геннадий Головкинмен алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz. Джейкобс Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек жайлы видеоүндеу жариялады.
"Жаңалығым бар. Мен 18 наурызда Madison Square Garden аренасында GGG-мен жұдырықтасамын. Күттіріп қойғаным үшін кешірім сұраймын. Бір жағдайларды реттеу керек болды, енді барлығы өз орнына келді, үмітім зор. Мен әлемді таңғалдыруға дайынмын. Бруклин, бұл қолымнан келеді", - деді Джейкобс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или