Головкин - Джейкобс андеркартында өнер көрсететін боксшылар белгілі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жегінің андеркарты анықталды.
«Трипл Джидің» промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің бокс кешінде әлемнің ең үздік боксшысы никарагуалық Роман Гонсалес және ауыр салмақ дәрежесінде WBO чемпионы украиналық Александр Усик шаршы алаңға шығады.
«Чоколатито» мексикалық Карлос Куадраспен қарымта матч өткізеді деп күтілуде. Ал Усиктің қарсыласы әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі наурыздың 18-і, Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Аталмыш кездесу НВО арнасында pay-per-view (ақылы көрсетілім - Prosports) арқылы көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или