Абель Санчес: «Головкин Джейкобсты «өлтіруге» дайын»
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жайлы өз пікірін айтты. <br /><br />- Көптеген бокс жанкүйерлері Головкиннен кейін орта салмақтың үздік боксшысы Джейкобс дейді. Мұндай әңгімелер маған ұнайды. Себебі, Геннадий өзіне лайықты қарсылас тапты. Дэнни Генаның бұрынғы қарсыластарына ұқсамайды. Джейкобс - панчер әрі техникасы мықты. Дэниел өзінің жеңісіне сенімді. Бірақ Геннадий оны «өлтіруге» дайын. Бұл жекпе-жек жеті раундтан аспайды деп ойлаймын. Бізді керемет кездесу күтіп тұр, - деді Санчес The Los Angeles Times басылымына. <br /><br />Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі наурыздың 18-і, Нью-Йорк қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или