IBF Жанқош Тұраровты үздік 15 боксшының қатарына енгізді
26 жастағы боксшы Жанқош Тұраров Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орташа ауыр салмақтағы үздік боксшылардың ТОП-15-іне енді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, қазақстандық спортшы IBF рейтингісінің 12-інші орнына орналасты. Ал Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингісінде (WBA) 11-інші орында тұр.
Еске салайық, жуырда ғана шаңырақ көтерген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қараша айының соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болып, елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты. Ол 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа аттанып, жаттығуларын бастамақ.
Айта кетейік, Жанқош осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или